«Ұлы хан - ұлттың жадында» атты турнир!

  • Подписчики: 154 подписчиков
  • ID: 58778768
Блокировка:
Нет ограничений
Верификация:
Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
club58778768

Описание

Абылай – үш жүздің басын қосқан данышпан хан, алып мемлекеттердің аузына іліктірмей елін сақтап қалған кемеңгер дипломат, жаумен айқаста жеңістің жолын таба білген көреген қолбасшы. Хан қазақ халқын тар жол, тайғақ кешулердің талайынан аман алып қалғаны белгілі. Биыл – Абылай Ханның туғанына 300 жыл толады. Қазақ тарихында өшпес орны бар Абылай Ханның мерейін асқақтатуымыз керек. Егеменді ел болып, тәуелсіздігіміздің көк байрағын желбіреткен шақта біз тамыры тереңде жатқан тарихымызды өзімізге де, өзгелерге де танытуға тиіс. Осы орайда хандардың ханы Аблайдың тұрағы болған киелі Көкше жері Сіздердің назарларыңызға Абылай бабамыздың 300 жылдығын мерекелеу аясында өткізілгелі отырған «Қазақ хандығын біріктіруші - Абылай» атты Республикалық пікір-сайыс турнирін ұсынады!!! Өтетін күні: 19-20 қазан 2013ж Турнир тақырыбы - «Қазақ хандығын біріктіруші - Абылай» Ұйымдастырушылар: «Пікір-сайысшылардың республикалық ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестіктің Ақмола облыстық филиалы , Ақмола облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен. Лига: Қазақ, орыс Қатысушы командалар саны шектеусіз. Турнир АПФ және ЛД(үздік спикер) форматы бойынша өтеді. Қатысушылардың тұрғылықты жері мен тамақтануы жіберуші тарапынан. Өтініштер 7 қазанға дейін қабылданады. Сыйлық қоры: 340 000 тг. Байланыс ақппараттар: Ұзақбаев Азамат - «Пікір-сайысшылардың Республикалық ассоциациясы» АОФ РҚБ төрағасының міндетін атқарушысы. Ұялы тел.: 87018925881 Елубаев Риззат – «Ділмар-КУАМ» пікір – сайыс клубының президенті. Ұялы тел.: 8707 808-28-86 Қадыров Дидар (орыс лигасы): 8701-892-58-81 Тюлюбаев Нурсултан (орыс лигасы): 8775 - 936 -35 -90