Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
selo_karnak
Описание
Қарнақ— орта ғасырдан белгілі қала орны. Түркістан қаласының солтүстік-батысына қарай 25 км жерде, қазіргі Атабай аулы ортасында 1974ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедедициясы (жетекші А.Н.Бернштам), 1986ж. Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері жинағының экспедедициясы (жетек.К.Байпақов ) зерттег ... К.Байпақов) зерттеген. Қазіргі орны төртбұрыштанып келген топырақ дуалмен қоршалған, іргелері: солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 100 м және солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа карай 150 м,биіктігі 1—1,5 м. ішкі солтүстік-шығыс бөлігінде биіктігі 6 м төбе түріндегі қамалдың пішіні байқалады, оның табанының көлемі 60x70 м, кіре беріс қақпасы оңтүстік-батыс іргесінің орта шенінде. Археологтар: Г.И.Пацевич, Е.И.Агеева Қарнақты Шагилджан, Ишкент аталды деп жорамалдайды (Ишкент орналасқан Қаратаудың бөктері 10 ғасырда қимақтардың мекені болған). А.Н.Бернштамның жүргізген зерттеуі Қарнақтың Әмір Темір әулеті тұсында (13— 15 ғасырлар) салынғанын анықтаған. Қарнақ — қазақ хандықтары дәуірінде (15—18 ғ-лар) маңызды рөл атқарған қалалардың бірі. Онда ежелден мыс, шойын қорыту, қорғасын балкыту, оқ- дәрі жасау кәсібі дамыған. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінеарналып жасалған атақты Тайқазан14 ғасырда Қарнақта құйылған. Ресей патшалығының Қазақ хандығына жіберген елшілері Ф.Скибин мен М.Трошин қазақтардың оқ- дәрілік қорғасынды Қарнақ қаласында балқытқанын атап көрсетеді. Қарнақта медресе болған. Медреселерде көптеген қазақ зиялылары оқыған. Солардың ішінде ақындар Шортанбай Қанаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Молда Мұса (Мұсабек) Байзақүлы, т.б. болған.